jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Жаңаөзенді шаңды дауыл басып қалды

Жаңаөзендегі шаңды дауыл
Жаңаөзендегі шаңды дауыл. Видеодан кадр: Іnstagram.com/zhanaozen_online

Сейсенбі, 25 сәуір күні Жаңаөзенді шаңды дауыл басып қалды. Жергілікті тұрғындар өздері түсірген кадрларды желіде бөлісуде. Ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшірілді, деп жазады KAZ.NUR.KZ Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, жүргізушілер жолдардың көрінуінің нашарлағанын, көлік қозғалысының қиындағанын айтқан.

Жаңаөзен әкімдігі қаладағы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Құрметті қала тұрғындары! Маңғыстау облысының "Қазгидромет" қызметі 25 сәуірде өңірде шаңды дауыл көтерілетіні, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететіні туралы SMS-хабарлама жіберді. Осыған байланысты білім мекмелерінде оқу қашықтан өткізілуде. Азаматтардан сақтық шараларын сақтауды сұраймыз", – дейді әкімдіктегілер қала тұрғындарына.

Жаңаөзенді шаңды дауыл басып қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.