jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Найзағай, жаңбыр, 35 градус ыстық: алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Жаңбыр
Жаңбыр. Көрнекі фото: Рexels.com

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күн, 27-29 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандар ел аумағында күн салқындайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Мамандардың болжауынша, солтүстік аймақтарда температура қайтадан төмендейді.

Атап айтқанда, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Республика бойынша желдің күшеюі болжануда, батыста және оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Күндіз ауа температурасы:

  • батыс өңірлерде 23-33 градус ыстық;
  • оңтүстікте 27-35 градус ыстық;
  • оңтүстік-шығыста 23-30 градустан біртіндеп жоғарылауы болжанады.

27-28 сәуір күндері еліміздің қалған бөлігінде қазіргі температура фоны сақталады.

Бірақ 29 сәуірде түнде 2-10 градус жылы болса, күндіз 10-18 градус жылыға дейін төмендеуі ықтимал.

Найзағай, жаңбыр, 35 градус ыстық: алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.