jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Бүгін еліміздің үш мегаполисінде де күн ыстық болады деп күтілуде

Гүлдер
Гүлдер. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер бейсенбі, 27 сәуірде Қазақстанның мегаполистері - Алматы, Астана және Шымкентте жауын-шашынсыз, күн ыстық болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз термометр +22...+24 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы +10...+12 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік астанада желдің жылдамдығы 0-5 м/с дейін жетеді.

Сейсенбіде Астанада да күн ашық болып, жауын-шашын күтілмейді. Елордада күндіз +24...+26 градусқа дейін жылы болса, түнде ауа температурасы +7...+9 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с.

27 сәуір Шымкентте күндіз термометр көрсеткіші +27...+29 градусқа дейін көтерілсе, түнде +10...+12 градусқа дейін төмендейді. Мегаполисте жауын-шашын болмайды, бірақ қатты жел күтілуде. Соған байланысты қалада дауылдық ескерту жарияланды. Желдің жылдамдығы 8-15/с, екпіні 15-23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Бүгін еліміздің үш мегаполисінде де күн ыстық болады деп күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.