jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Жұмада Қазақстан мегаполистерінде 31 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде

Жарық күн
Аспан. Көрнекі фото: Рexels.com

Синоптиктер 28 сәуір, жұма күні Қазақстанның ірі қалалары – Астана, Алматы және Шымкентте аптап ыстық болатынын айтты. Тиісті болжам "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланған.

Болжам бойынша бүгін күндіз Алматыда термометрлер 25-27 градусқа дейін көтеріледі, түнде оңтүстік астанада 12-14 градус жылы болады. Жауын-шашын болмайды, желдің жылдамдығы секундына 0-ден 5 метрге дейін жетпек.

Астанада да бүгін жауын-шашын күтілмейді, термометрлер күндіз 25-27 градус ыстықты көрсетеді, ал түнде ауа температурасы 6-8 градусқа дейін төмендейді деп болжануда. Елордада желдің жылдамдығы 5-10 м/с жетуі мүмкін.

Сонымен бірге синоптиктер Шымкентте күндіз ауа температурасы 29-31 градусқа дейін көтерілетінін, ал түнде 12-14 градус жылы болатынын мәлімдеді. Үшінші мегаполисте жауын-шашын болмайды, желдің жылдамдығы 8-13 м/с жетеді деп күтілуде.

Жұмада Қазақстан мегаполистерінде 31 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.