Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Он күн бойы сусыз отырған Ақтау тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр (видео)

Опубликовано:

Тамшы су
Су тамшылап тұрған кран. Көрнекі фото: Рexels.com

Кеше, 27 сәуірде Ақтауда ауыз су толығымен өшірілді. Коммуналдық мекеме жоспарлы және мәжбүрлі түрде су беру тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның ақпаратынша, "Шаңырақ" тұрғын үй кешенінде он шақты күннен бері су жоқ. 200-ге жуық пәтері бар көпқабатты үй тұрғындары ыстық суды мүлде ұмытқан. Судан тарыққан тұрғындар сырттан су тасумен күндері өтетінін айтып, шағымдануда.

Сондай-ақ жергілікті жұртшылық таңертең және кешкі уақытта берілетін судың қысымы жоғарғы қабаттарға жетпейтінін айтты.

"Бес литрлік сумен тасимыз, сөздің шыны керек. Жиналыс болмады емес, болды. ЖЭК-тің бастығына бардық. КЖСА-ның орынбасарлары келді. Әкімдіктен адамдар келді. "К7 груптан" Ислам келді. Өзіміздің ЖЭК адамы келді. Оларды алтыншы қабатқа дейін көтеріп, судың жоғын шыны керек көрсеттік", – дейді Ақтау қаласының тұрғыны Гүлзира Айдабасова.

Ал "МАЭК" ЖШС бас директорының орынбасары Мұрат Иғалиевтің айтуынша, су тапшылығы қаланы жылумен, жарықпен және ауыз сумен қамтитын "МАЭК" мекемесінің толық қуатта жұмыс істемеуінен туындап отыр. Себебі комбинаттағы жабдықтардың 80 пайызы тозған екен.

"Жергілікті атқарушы органнан 2,6 млрд теңге ақша бөлінді. Ол ақша су тұшыту зауытына құбыр алуға, жөндеуге, сосын тағы да насостар, алдағы уақытқа керек жұмыстарға бөлініп жатыр. Модернизация бойынша біздің өз жоспарымыз бар", – дейді Мұрат Иғалиев.

Телеарнаның ақпаратынша, "МАЭК" мекемесі облыс әкімдігімен бірлесіп 24 мың текше метр су тұшытатын израилдік қондырғы орнатпақ. Қазір аталған жобаға сараптама жүргізіліп жатыр. Екінші орталық сумен жабдықтау торабына қосымша 5 мың текше метр таза су өндіретін қондырғы қояды деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, "Құйылыс-Меловой" кен орнынан құбырмен ауыз су тартылмақ.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018613-auyz-sudan-tolyq-azyratylgan-aqtau-turgyndary-qalai-omir-surude-video/

pixel