jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алдағы демалыс күндері елімізде 10 градусқа дейін аяз күтілуде

Қолшатыр ұстаған екі ер адам
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер сәуір айының соңғы күндері елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, кей өңірлерде ауа температурасы 10 градусқа дейін төмендейтінін болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК реcми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, 29 сәуір мен 1 мамыр аралығында Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.

Яғни, кей өңірлерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жаууы ықтимал.

Түнде солтүстік, орталық, шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде), оңтүстік-шығыстың таулы аймақтардың кей уақытта қатты жаңбыр және бұршақ күтіледі.

Бұдан бөлек, республика бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Сондай-ақ сипоптиктер айдың соңғы күндерінде Қазақстанның басым бөлігінде температураның төмендейтінін болжап отыр.

Мәселен, еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс пен орталық аймақтарында түнде 1-7 градусқа дейін үсік жүріп, шығыста 1-ден 10 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.

Алдағы демалыс күндері елімізде 10 градусқа дейін аяз күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.