jitsu gif branding logo appbranding logo app

Ақтөбеде үш жыл бұрын мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің іргетасы сөгілген

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен үш жыл берілген үй
Ақтөбе. Фото: "КТК" арнасы

Ақтөбеде 48 отбасы мемлекеттік бағдарлама бойынша үш жыл бұрын алған баспаналарына қайта қоныстанудан қорқатынын жеткізді. Тұрғындар жаңа салынған үйдің іргетасы сөгіліп, қабырғасы қақырағанына шағымданған, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Арна мәліметінше, "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынған төрт қабатты қос үйдің тұрғындарын бір апта бұрын әкімдік жаппай көшірген. Оларды жаңа салынған үйлерге уақытша қоныстандырды.

"КТК" арнасының мәліметінше, олардың бұрынғы баспаналарында тұруы алғашқыда қауіпті деп танылған. Өйткені, құрылыстың жертөледен бастап жоғарғы қабатқа дейінгі қабырғалары қақыраған. Бетон тіреуіштері де үгітілген. Бірақ бұған қарамастан тексеру жүргізген сарапшылар "күрделі жөндеу жасаса тұруға жарайды" деген шешім шығарған. Тұрғындар бұған үзілді-кесілді қарсы.

"Мен ол үйге келіспеймін, бармаймын. Қырық сегізіміз де қарсымыз. Бармаймыз. Жарамайды ол. Өйткені, ол іргетасы кеткен деп тұр ғой. Ал шынымен құрылыстан хабары бар адамдар "іргетасы кеткесін болды. Ол үйде тұруға мүмкіндіктерің жоқ" деп тұр", - дейді тұрғын Ақтөбе қаласының тұрғыны Ардақ Қожығұлова.

Арнаның айтуынша, шенеуніктер болса сәулет және құрылысқа жауапты басқа институтқа тағы сараптама жасататынын айтқан. Қос ғимараттың жайы содан кейін белгілі болады.

"Ақша бөлеміз. Қазақстан бойынша апаттық жағдайдағы үйлерді қарайтын Қаз ИИСА деген үлкен компания бар. Олардың қорытындысы өте беделді. Соларды алып, екі тапсырма береміз. Алғасын бірінші қайта тексертеміз. Мүмкін апат алдындағы емес, апаттық жағдайда шығар, біз білмейміз ғой.

Дұрыстап қайта тексертеміз. Сосын нақты себебін табу керек. Мына жерде бетон немесе анау-мынау деп жазылып тұр. Ол бетон бір себебі ме әлде астындағы су екінші себебі ме? Іргетас неге жарылып кеткенін анықтаймыз", - деді Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жөребеков.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.