jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Алматы қаласында соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден төленеді

Жеңіс күнін атап өту
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ұлы отан соғысы жеңістің 78 жылдығында алматылық 58 соғыс ардагеріне 1,5 миллион теңге көлемінде ақшалай көмек беріледі. Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс III сессиясында біржолғы көмек көрсетуді депутаттар бірауыздан қолдаған, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Арна мәліметінше, мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың ұсынысы бойынша биыл Алматыдағы 58 соғыс ардагері 1,5 млн теңге көлемінде ақшалай төлем алады.

Сондай-ақ "Алматы" арнасы мерекеде 889,9 млн теңгеге ақшалай төлем Алматының 13 233 тұрғынына қарастырылатыны мәлім етті. Бұл Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген азаматтар, еңбек майданының қатысушылары, басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс ардагерлері, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушылары мен мүгедектерінің әйелдері, Ауғанстанда және басқа мемлекетте қаза тапқандардың отбасы..

• ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне - 1,5 млн. теңгеден;

• ҰОС қатысушыларына теңестірілгендерге - 100 мың теңгеден;

• Еңбек майданына қатысушыларға - 50 мың теңгеден;

• Басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне - 100 мың теңгеден;

• Ұлы отан соғысында да қайтыс болған қатысушылардың, мүгедектердің әйелдеріне - 50 мың теңгеден

• Ауғанстанда және басқа мемлекетте қаза тапқандардың отбасына - 100 мың теңгеден беріледі.

Алматы қаласында соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден төленеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.