jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Оралда ер адам жұмысқа шығып, хабар-ошарсыз кеткен

Руслан Өтепов
Руслан Өтепов. Фото: Mgorod.kz

Оралда 28 сәуір, жұма күні таңертең жұмысқа шығып, үйіне оралмаған 37 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Жоғалған ер адамның есімі – Руслан Өтепов. Әпкесі оның әдетте жұмысқа көлікпен кететінін, бірақ жұма күні үйге қалдырып кеткенін айтты.

"Өзімен телефоны болатын, кеше қоңырау барып тұрған, бірақ бүгін телефоны өшіп жатыр. Құжаттары да өзімен бірге. Ол ішпейді, бұған дейін үйден кетіп қалған емес, денсаулығында ақау жоқ, аздап кекештенетіні бар. Ол үшін қатты уайымдап отырмыз", – дейді Руслан Өтеповтің әпкесі Эльмира.

Ер адамның белгілері: қоңыр көзді, бойы шамамен 170 см, орта денелі. Ол жоғалған күні үстінде көк түсті футболка, қара джинсы шалбар және қара джинсы күрте болған.

Туыстары полицияға арыз жазып қойған, қазір тәртіп сақшылары оны іздеуде.

Туыстары Руслан Өтеповтің жүрген жері туралы қандай да бір мәлімет білетіндерден 8 (775) 688 63 05, 8 (777) 143 0458 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Оралда ер адам жұмысқа шығып, хабар-ошарсыз кеткен

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.