jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында кептеліс пайда болды (видео)

Шекарадағы кезек
Шекарадағы кезек. Видеодан кадр: Т.me/basekz

Кеше, сәуірдің 29-ы күні Қазнетте Маңғыстау облысындағы Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында кептеліс болғанын көрсететін видео пайда болды. Шекара қызметі Lada.kz сайтына видеоға қатысты түсініктеме берді.

Видеоны "Басе" Telegram-арнасы жариялады. Видео авторының айтуынша, Бейнеуден өтетін жол Тәжен шекара бекетінде жабық.

"Алдағы митинг туралы қауесетке байланысты Өзбекстан билігі Қазақстанмен шекараны жауып тастады. Ешкімді өткізбейді", – деп жазылған жазбалардың бірінің астында.

Алайда Қазақстан ҰҚК Шекара қызметі басылымға бұл ақпаратты жоққа шығарған.

Ведомствоның мәліметінше, "Тәжен" шекара бекеті штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Сенбі, 29 сәуірде Өзбекстаннан Ресейге жұмысқа орналаспақшы болған азаматтардың көп легі ағылған. 150-ге жуық адам жиналды деп түсіндірді Шекара қызметі.

Сондай-ақ ведомство кешке дейін барлық азамат шекарадан аман-есен өтеді деп сендірді.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында кептеліс пайда болды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.