jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Бүгін ел аймақтарында күн күрт бұзылады

Көлшіктің үстінде жүрген адам
Көлшіктің үстінде жүрген адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанның басым бөлігінде найзағай, жауын-шашын күтілуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазгидромет РМҚ-ға сілтеме жасап.

1-7 сәуірге арналған ауа райы болжамына сәйкес елдің солтүстік жартысында, Қазақстанның орталығы мен шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болады, тек 7 сәуірге қараған түні жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі.

Атырау облысының шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метр.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің қарқыны ооблыстың орталығында секундына 15-20 метрге жетеді.

1 мамыр түнде және таңертең Қостанай облысының шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, ал екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік болады.

Күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде солтүстіктен жел соғады, қарқыны - 15-20 м/с.

Түнде Абай облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с шамасында.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде түнде жауын-шашын жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

1 мамыр күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай жарқыладйды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші - 15-20, күндіз екпіні - 25 м/с.

Шымкент қаласында күндіз шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, қарқыны - 23 м/с.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында күн күркірейді. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні - 15-20 м/с.

Ұлытау облысындасолтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

1 мамыр түнде және таңертең Қарағанды облысыныңсолтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, орталықта, облыстың таулы аудандарында қарқыны - 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында - 24-29 м/с.

Маңғыстау облысының түнде батысында, күндіз батысында, оңтүстігінде күн күркірейді. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с шамасында.

Сонымен қатар Қазгидромет РМҚ 1 мамырға дауылды ескерту жариялады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы, тау етегіндегі аудандарда найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде жел екпіні секундына 18-23 метрді құрайтын болады.

Алматы және Қонаев қаласында найзағай күтіледі, ауа температурасы +20,9 градус. Найзағай кезінде Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Бүгін ел аймақтарында күн күрт бұзылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.