jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Ақтөбе облысында Dombyra party шарасына 6 000 жас домбырашы қатысты

Домбырашы балалар
Домбыра тартып отырған балалар. Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

1 мамыр күні Ақтөбе облысының барлық ауданында және облыс орталығында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай "Ел бірлігі: қасиетті домбыра" атты Dombyra party шарасы өтті.

Іс-шараға Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, қоғам өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Домбырашы балалар
Домбыра тартып отырған балалар. Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Облыс әкімі Қазақстан халқының бірлігі күні достықты, патриотизм мен бейбітшілікті насихаттайтын мереке екенін атап өтті.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжан
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжан. Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

"Біздің тәуелсіздігіміз бірлікпен, қоғамдықкелісіммен және тұрақтылықпен тығызбайланысты. Бірлік күнінде ұйымдастырылған "Ел бірлігі: қасиетті домбыра" шарасын өткізуіміз өте символдық мәнге ие. Өйткені домбыра қазақ халқының музыкалық мәдениетінің басты символы. Ұлы даланың ұлттық аспабының үні Ақтөбе шаһарына, барлықаудан орталықтарына жеткізілді. 6000 бала қазақ халқының көрнекті композиторларының өлмес шығармаларын бір мезетте орындау арқылы ұлттық музыкалық аспапқа деген сүйіспеншілігін көрсетті. Бұл үшін көп рахмет! Осындай өскелең ұрпағы бар Қазақстанның болашағы зор", - деді Ералы Тоғжан.

Dombyra party акциясы өнер орталығында, Шығармашылық академиясы ғимараты алдында, Есетбатыр шағын ауданының алаңында бір мезгілде өтті.

Іс-шараға қатысушы
Іс-шараға қатысушы. Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

А.Жұбановтың "Би", Құрманғазының "Балбырауын" және Ә.Желдібаевтың "Еркесылқым" күйлері орындалды.

Іс-шараға қатысушы
Іс-шараға қатысушы. Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Облыс әкімі қазақ музыкалық аспаптарының үйірмелеріне баратын этнос өкілдерінің оқушыларына ұлттық аспабымызды сыйға тартты.

Сонымен қатар дарынды жастарды қолдау мақсатында тағы бірнеше балаға музыкалық студияда ән жазу үшін сертификаттар табысталды.

Ақтөбе облысында Dombyra party шарасына 6 000 жас домбырашы қатысты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.