Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Романтикалық Love Марафоны: Астанада ғашықтар марафоны қалай өтті

Опубликовано:

Love Марафон
Фото: Jusan Bank

Жуырда Қазақстанда ұлттық ғашықтар күні атап өтілді. Осы мейрамға орай Астанада "Love Марафон" деп аталатын әуесқойларға арналған жүгіру марафоны өтті. Спорттық шара Ботаникалық бақта ұйымдастырылды. Оның ерекшелігі – арақашықтықты жұбыңмен бірге жүгіріп өту керек, ал бас жүлдеге Дубайға жолдама берілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ұйымдастырушылар сөзінше, шара 15 сәуір, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу – Ұлттық ғашықтар күні өткізу жоспарланған. Алайда бұл күні елордада күн күрт суып, қар жауып кеткендіктен, шара 30 сәуірге ауыстырылған.

«Біз той ұйымдастырумен айналысамыз және әкімдіктің қолдауымен "Love Марафонын» осымен екінші мәрте өткізіп отырмыз. Біздің басты мақсат – жұппен бірге жүгіру. Бұл спорттық қана емес, сонымен бірге махаббат мен құндылықтарға мән беру үшін жасалып отырған шара десе болады. Сондықтан жүгіру арақашықтығы да алшақ емес, небәрі – 4 километр, күш салмай жүгірсе, бұл аралықты 20-30 минутта өтуге болады. Осыны ескере отырып, шараға егде жастағы адамдар да, балалары бар ерлі-зайыптылар да, жас жұптар да қатыса алатындай жасадық», - дейді шараның ұйымдастырушысы Дмитрий Колодин.

Оның айтуынша, бас жүлде – Дубайға бір аптаға жолдама.

Дмитрий Колодкин
Дмитрий Колодкин. Фото: Jusan Bank

«Бізге Jusan Bank пен FlyArystan қолдау көрсетті, банк жолдаманың құнын төлеп берді, ал әуе компаниясы билеттер ұсынды. Марафонға қатысқан ең үлкен жұпты да назардан тыс қалдырмаймыз, олар сыйлыққа мейрамханаға сертификат алады. Кей жұпты Бурабайға демалуға жібереміз, ал көзге түскен тағы бір жұпты алдағы уақытта да спортпен айналыса алуы үшін фитнес-орталыққа сертификат табыстап қуантамыз», - дейді спикер.

Марафонға барлығы 150 жұп тіркелген. Тұрғылықты жері бойынша шектеу болған жоқ – оған тек қана Астананың ғана емес, сонымен бірге өзге де өңірлердің тұрғындары қатысты.

Айта кету керек, марафон басталар сәтте жақын маңда орналасқан тоғанға аққу жұбы ұшып келді. Бұл - махаббат пен отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отырған марафонның символына айналды.

«Jusan Bank үшін ұлттық Ғашықтар күніне арналған жүгіру марафонының серіктесі атану мүмкіндігі туғанына қуаныштымын. Біздің банктің ұраны - «Әрбіріңізге сенеміз! Саған сенеміз!». Сондықтан біз әр клиентімізге қаржылық мәселелер бойынша ғана емес, сондай-ақ махаббат мен қамқорлық атмосферасын жасауда қолдау көрсетуге дайынбыз. Бренд құрылғалы біздің банкте 107 жұп пайда болды. Бұл құр сан емес, сонымен бірге Jusan Bank-тен бастау алған махаббат тарихы», - деп атап өтті Jusan Bank-тің астаналық филиалы директорының орынбасары Нұрсұлтан Сматов.

Нурсултан Сматов
Нурсултан Сматов. Фото: Jusan Bank

Нәтижесінде марафонда бірінші болып алматылық жұп Виктория Сергеева мен Ракимжан Келманов келді. Олар арақашықтықты 13 минут 54 секундта жүгіріп өткен.

«Біз Астанаға осы марафонға қатысу үшін келдік, нәтижесінде Дубайға жолдама ұтып алдық. Өте керемет мүмкіндік. Біз жүгіргенді жақсы көреміз, спорттың осы түрімен айналысып жүргенімізге 9 жыл болды. Үнемі марафондарға қатысып жүрміз. Барлығын жүгірумен айналысуға шақырамыз. Бұл үшін сабыр керек, жүйелі түрде жаттығу керек», - дейді жүгіру марафонының жеңімпаздары.

Жеңімпаз жұптың айтуынша, оларды жуырда маңызды кезең күтіп тұр – ғашықтар ресми түрде некесін қидырмақ.

Победители марафона
Фото: Jusan Bank

Ал екінші орынды жүгіруге әуестігі арқылы достығы жарасқан Гүлнұр Елімесова мен оның серігі жеңіп алды. Гұлнұр жүгіруге әуестенгеніне үш жыл, ал серігіне – 16 жыл болған. Бұл жұп үшін жүгіру де, трассамен арақашықтық та қиынға соқпаған. Себебі олар ұдайы Ботаникалық саябақта жүгіріп жаттығады екен.

Тағы бір айта кететін жайт, қатысушылар арасында спортпен жүйелі түрде айналысатындар да болыпты. Ержан және Әйгерім Оңалбаевалар марафонға ең бірінші болып келіп, 001 нөмірімен жүгірген.

Победители марафона
Фото: Jusan Bank

«Біз барлық жүгіру шарасына қатысамыз. Астанада тұрамыз және бұл шараға да қатысуға шештік. Махаббатқа арналған марафонның тақырыбы қызықтырды. Әр күніміз, әр ісіміз махаббатқа толы болуы керек. Біз ерлі-зайыптымыз және осы марафонға қатысу арқылы махаббат арқылы жетістікке жетуге болатынын көрсеткіміз келді. Жүгіруді жақсы көреміз, бір жыл бойы осы іспен айналысып келеміз, сондықтан осы бір романтикалық шараға қатысқымыз келді. Отбасыңды, спортты, өзіміз ұстанатын салауатты өмір салтын жақсы көріп, белсенді өмір салтын ұстанып, әлемді, адамдарды жақсы көру қажет екенін айтқымыз келді», - дейді Ержан мен Әйгерім Оңалбаевалар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019009-romantikalyq-love-marafony-astanada-gasyqtar-marafony-qalai-otti/

pixel