jitsu gif branding logo appbranding logo app

Бұршақ пен нөсер жаңбыр: алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Нөсер жаңбыр
Жаңбыр. Көрнекі фото: Рexels.com

"Қазгидромет" РМК мамандары еліміздегі алдағы үш күн, 2-4 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мамандардың айтуынша, ауқымды солтүстік антициклон еліміздің солтүстік, орталық және оңтүстік аймақтарының ауа райына әсер етеді. Нәтижесінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек түнгі уақытта жүретін үсік сақталады.

Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс және батыс өңірлерінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райы тұрақсыз болады, яғни жауын-шашын күтіледі.

Батыста кейде найзағай ойнап, бұршақ, нөсер жаңбыр жауады.

Шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр, қар жаууы ықтимал.

Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстік өңірлерде шаңды дауылдар күтілуде.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда осы аптада күн бірде ала бұлтты, бірде ашық болатыны хабарланған болатын.

Бұршақ пен нөсер жаңбыр: алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.