jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Аmanat партиясы экс-депутат Анна Башинскаяның Зеленский туралы сөзіне қатысты пікір білдірді

Анна Башинская
Анна Башинская. Фото: Facebook.com/Анна Башинская

Аmanat партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров өзінің Facebook-тегі парақшасында экс-депутат Анна Башинскаяның сөзіне пікір білдірді.

"А.Башинскаяның мәлімдемесі Аmanat-тың ұстанымына сәйкес келмейді. Біздің партия басқа елдердің саясатына араласпайды. Анна Башинская бұл пікірі үшін кешірім сұрап үлгерді. Алайда бұл мәлімдемелерді ескере отырып, оның әрекеті тиісті партия органдарында қаралатын болады. Мәслихат депутаты үшін өз мемлекетінің мүддесінен ешнәрсе жоғары болмауы керек", - деп жазды ол.

Бұған дейін Facebook желісінде Башкинская да өз әрекетіне қатысты пікір білдірген болатын.

"Мен Facebook-те Deutsche Welle-де Украина президентінің мәлімдемесіне ойланбастан пікір жаздым. Түркия туралы жазғанда мүлдем басқа ойды айтқым келген. Бауырлас түрік халқынан кешірім сұраймын! Украина және Ресей халқына тек бейбітшілік тілеймін. Кешіріңіз, бұл - менің қателігім. Бұл жағдайға пікір білдіруге құқығым жоқ, біздің өз еліміз бар. Мен депутат ретінде ең алдымен оның амандығын ойлауым керек", - деп жазды ол.

In business хабарлауынша, 29 сәуірде мәслихат депутаты Анна Башинская Facebook әлеуметтік желісінде Deutsche Welle басылымындағы жазбаға пікір білдірді. Владимир Зеленский финдік Yle басылымына берген сұхбатында аннексияланған Қырымды Украинаның бақылауына қайтаруды көздейтінін айтты.

"Түркияда жақсы, Зеленский мырза! Онда жыл бойы жылы", - деп жазған еді Башинская.

Қазіргі уақытта бұл пікір жазба астында жоқ екенін айта кеткен жөн.

Аmanat партиясы экс-депутат Анна Башинскаяның Зеленский туралы сөзіне қатысты пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.