Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Платформада ақау болған": алматылықтар балаларын тегін секцияларға тіркей алмады

Опубликовано:

Ноутбук алдында отырған әйел
Ноутбук. Көрнекі фото: Рexels.com

Алматыда балаларға арналған тегін секцияларға жазылудың бірінші күнінде ақау орын алды, яғни жаңа пайдаланушылар кезекке жазыла алмады. Damubala платформасы ресми Instagram парақшасында оның себептері туралы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тегін секцияларға тіркеудің басталуы 2 мамырда сағат 18.00-ге жоспарланған болатын, бірақ бағдарламада ақау болды.

"Біздің серверлер орналасқан деректерді сақтау және өңдеу Орталығында Алматы қаласы үшін кезекке жазба ашылғанға дейін ақау орын алды.

Электр қуатының үзілуі бағдарламалық жасақтаманы пайдалануға қол жетімділіктің кең көлемде бұзылуына әкелді. Бұл туралы бізге тек 17:50-де хабарланды", – делінген хабарламада.

Орын алған жағдайға байланысты кезекке жазылу мүмкін болмаған, яғни бірде-бір ваучер таратылмаған.

Кейінірек платформаның аккаунтында кезекке қою процесі 3 мамырда сағат 18.00-де қайта іске қосылатыны туралы хабарландыру пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019099-platformada-aqau-bolgan-almatylyqtar-balalaryn-tegin-sekciyalarga-tirkei-almady/

pixel