jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Мамырда Қазақстанның бір өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін

Шөл дала
Дала. Көрнекі фото: Рexels.com

Қазақстандық синоптиктер елімізде осы айда болатын құрғақшылық болжамына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Мамандар мамыр айында астық себілетін аймақтарда ылғалдану жағдайы көбінесе нормаға жуық болады деп болжаған.

Қостанай облысының Қарасу ауданында, Ақмола облысының Ақкөл, Атбасар және Астрахань аудандарында, Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Глубокое, Зырян, Ұлан, Қатонқарағай аудандарында және Өскемен қаласында, сондай-ақ Алматы облысының Талғар ауданында ылғалдану жағдайы жақсы болады.

"Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарында құрғақшылықтың басталуы күтілуде, мұнда мамыр айында жауын-шашын тапшылығы мен ауа температурасының жоғарылауы болжануда", – делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, елдің қалған аймағында мамыр айында ылғалдану бұрынғыдай өз деңгейінде болады.

Мамырда Қазақстанның бір өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.