jitsu gif

Алматылық оқушылар АҚШ-тағы робототехника бойынша әлем чемпионтында үздік ондыққа кірді

АҚШ робототехника бойынша әлем чемпионаты
АҚШ робототехника бойынша әлем чемпионаты. Фото: t.me/almaty_akimat

Қазақстанның робототехника тарихында алғаш рет АҚШ-тағы әлем чемпионатында Алматы қаласының құрама командасы үздік ондыққа кіріп, көшбасшылар қатарынан көрінді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің Telegram-жағы ресми арнасында.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, 1737 K Urei командасының оқушылары Vex Spin Up санатында өткен 10 іріктеу матчының 9-да жеңіске жеткен.

"Осылайша олар өз дивизионындағы 80 команда арасында 9-орын иеленді. Жарыс 25 сәуірден бастап Даллас қаласында (АҚШ) 4 мамырға дейін жалғасады. Vex Spin Up санатына 6-12 сыныптардан жасақталған 11 500 команда қатысады", - делінген хабарламада.

Бұған қоса, Алматы қаласының екі командасы: 1737d Dream ON және 1737Y Blue Ribbon тамаша нәтижеге қол жеткізіп, ширек финалға шықты. Енді жасөспірімдер арасындағы сайыс басталады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.