Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұршақ аралас жаңбыр, қатты жел: бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Дала
Жерге түскен қылау. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 4 мамырда республика бойынша және еліміздің ірі қалалары – Астана, Алматы, Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін республиканың батысында жаңбыр, кей уақыттарда бұршақ аралас қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ оңтүстік-шығыс пен шығыста да күн жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады.

Сонымен қатар республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, батыста шаңды дауыл, солтүстік-батыста тұман күтіледі.

Түнде Алматы, Жетісу облысында, Қостанай, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 1-6 градус үсік жүруі ықтимал.

Бұдан бөлек, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с-қа, екпіні 23-28 м/с-қа, күндіз таулы аудандарда 30 м/с-қа дейін жетеді деп күтілуде. Желдің екпіні 30 м/с-тан асуы мүмкін.

Синоптиктердің болжамынша, ал елордасы Астанада бүгін күн ашық болады. Бас қалада жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +17...+19 градус аралығында жылы болса, түнде ауа температурасы бірден -1...-3 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с.

Бейсенбіде Алматыда да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Термометр бағаны күндіз +10…+12 градусты көрсетсе, түнде 1-3 градус аралығында үсік жүруі ықтимал. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с.

4 мамыр Шымкентте де жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз +20...+22 градусқа дейін жылы болса, түнде ауа температурасы +6...+8 градусқа дейін төмендейді.

Мегаполисте күн ашық, жылы болғанына қарамастан метеорологтар қала тұрғындарына қатты жел тұратынын ескертіп отыр. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с деңгейінде болады. Дегенмен, екпіні 15-20 м/с-қа, кейде 25 м/с-қа дейін жетеді деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019278-usik-qatty-zel-bugin-qazaqstannyn-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel