jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматы облысында ер адам 5 айлық арыстандарды заңсыз үйде ұстаған (видео)

5 айлық арыстандар
Үй ішіндегі 5 айлық арыстандар. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Алматы обылсында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде сирек кездесетін жануарларды үйде ұстаған азаматты анықтады, деп хабарлайды Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары ресми арнасы.

ІІМ мәліметінше, 4 мамыр күні жедел іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері сирек кездесетін жануарларды, атап айтқанда 5 айлық екі арыстанды заңсыз ұстаған 2001 жылғы азаматты анықтаған.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданының полициясында тіркелген.

Полиция қызметкерлері тексеруден кейін экзотикалық жануарларды алып кеткен.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық істі тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Алматы облысында ер адам 5 айлық арыстандарды заңсыз үйде ұстаған (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.