"Қара шапан": Алматыда үш метрлік ерекше арт-нысан пайда болды (фото)
Жарияланған күні:

Алматыда заманауи қазақстандық суретшінің "Қара шапан" деп аталатын ерекше арт-нысаны ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алматыда Панфилов пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында суретші Сырлыбек Бекботаевтың "Қара шапан" атты арт-нысаны ашылды.

Алматының жаяу жүргіншілер көшесінің шырайын кіргізіп тұрған үш метрлік шапан өріліп, күйдірілген металдан жасалған. Салмағы жарты тонна, диаметрі – 3,5 метр.
Автордың айтуынша, бұл мүсін кездейсоқ таңдалмаған, шапан – мәдени код.

"Шапан – қазақ және Орта Азия мәдениетіне бағыттайды, онда көшпенділер құрмет, бірлік және өзара түсіністік символы ретінде шапанмен алмасып, одақтастық пен уағдаластықтар жасаған", – делінген хабарламада.
Ведомствоның ақпаратынша, Алматы әкімдігінің қолдауымен меценаттар суретшінің шығармашылық идеясын жүзеге асыруға көмектескен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019396-qara-sapan-almatyda-us-metrlik-erekse-art-nysan-paida-boldy-foto/