jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Бүгін Қазақстанның кей ірі қалаларында жел күшейіп, күн жылынады деп күтіледі

Күннің шығуы
Жел. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер бүгін Алматы, Астана және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, жұма Алматыда ауа райы жауын-шашынсыз болып, көшпелі бұлт шығады. Қалада күн аздап жылынады, термометр бағаны күндіз +12...+14 градусты көрсетсе, түнде 1...-3 градусқа дейін суытады. Сондай-ақ оңтүстік астанада жел жылдамдығы 2-7 м/с-қа дейін күшейеді.

Бүгін Астанада да көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Елордада күн айтарлықтай жылынады. Ауа температурасы күндіз +20...+22 градусқа дейін көтерілсе, түнде 0...-2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с болады.

5 мамыр Шымкентте күн ашық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Мегаполисте күндіз ауа температурасы +21...+23 градусты көрсетсе, түнде +7..+9 градусқа дейін жылы болады. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с деңгейінде, екпіні 15-20 м/с, кейде 25 м/с дейін жетеді. Осыған байланысты синоптиктер қала тұрғындарына қатты жел болатыны туралы ескерту жасады.

Бүгін Қазақстанның кей ірі қалаларында жел күшейіп, күн жылынады деп күтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.