jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Бойын өлшеу үшін қосымша үстелге шығуға тура келеді": Жамбыл облысындағы ең бойшаң сарбаз жайлы не білеміз

Николайдың бойын өлшеп жатқан медбике
Николайдың бойын өлшеп жатқан медбике. Видеодан кадр: "Хабар24"

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында аймақтағы ең бойшаң жауынгер отан алдындағы борышын өтеуде. Өскемендік Николай Белоусов әскер қатарына былтыр көктемде алынған болатын, деп хабарлайды "Хабар 24".

91678 әскери бөлімінің жауынгері Николай Белоусов тау-қорық бөлімшесіндегі ең еңселі сарбаз. Оның бойы 2 метр.

Николайдың айтуынша, көрген жұрттың барлығы бойына таңданыспен қарап, суретке түсіп жатады.

"Әскерге келгенімде де біразға дейін көпшіліктің назарында болдым. Бірақ бұған еш қысылмаймын. Керісінше, елден ерекшелеп тұратын артықшылық ретінде қараймын. Жалпы қазір аймақтағы ең ұзын жауынгермін. Бұл – өзінше бір мақтаныш", - дейді ол.

Телеарнаның хабарлауынша, әскердегі медбикелерге тау тұлғалы сарбаздың бойын өлшеу үшін қосымша үстелге шығуына тура келеді екен.

Ал жауынгердің өзі екі метрлік кереуетке әрең сиятынын айтады. Онымен қоса Николайға шақ форма мен аяқ киім табу да қиынға соғатын көрінеді. Алайда сарбаз қажетті формамен қамтылған.

Николай енді бірер күнде өзі туған өлкеге оралады. Дегенмен әскермен қоштасқысы келмейтінін, сондықтан алдағы уақытта Ақтөбедегі әскери институтқа түсіп, авиацияда қызмет етуді қалайтынын атап өтті.

Айта кетейлік, бұған дейін дәл осы әскери бөлімде бойы 1,98 см болатын Әсет Әбілғапаров отан алдындағы борышын өтеген еді.

"Бойын өлшеу үшін қосымша үстелге шығуға тура келеді": Жамбыл облысындағы ең бойшаң сарбаз жайлы не білеміз

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.