jitsu gif

Бахрейн намысын қорғаған қазақ боксшысы Әлем чемпионатынан "ұшып кетті"

Азат Махметов жеңіске жеткен сәт
Азат Махметов. Фото: kfb.kz

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында Бахрейн намысын қорғап жатқан Азат Махметов екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

51 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Азат Махметов 1/16 финалда Куба өкілі Эрислан Ромеромен жұдырықтасты.

Тартысты жекпе-жекте ол төрешілердің шешімімен қарсыласына жол берді.

Осылайша, Азат Махметов Ташкентте өтіп жатқан Әлем біріншілігінің келесі айналымына шыға алған жоқ.

Айта кетейік, Өзбекстан астанасында өтіп жатқан байрақты бәсекеде 51 келіге дейінгі салмақта ел намысын Сәкен Бибосынов қорғаған еді. Алайда ол күтпеген жерден үндістандық қарсыласынан ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды.

Бахрейн намысын қорғаған қазақ боксшысы Әлем чемпионатынан "ұшып кетті"

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.