Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандының Зоя атты сиыры әйгілі әлемдік сән журналына шықты

Опубликовано:

Зоя атты қасқа сиыр
Vogue сән журналына шыққан Зоя атты сиыр. Видеодан кадр: "Хабар24"

Қарқаралының қасқа сиырының фотосы әлемдегі танымал сән басылымының бірінші бетіне жарияланып, жануар бір-ақ күнде "жұлдыз" болды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарнаның мәліметінше, қыстан көтерем шыққан мүйізді жануарды көршісі суретке түсіріп, әлемдегі әйгілі сән журналы – Vogue басылымына жолдаған. Редакция фотоны үздік деп бағалап, басылымның бірінші бетіне жариялаған.

Сиырдың иесі Мәулен Мұсабековтің сөзінше, ол Зояны бұзау кезінен өзі баққан. Ал фотосы сән журналына шыққаннын естігенде таңғалғанын жасырмайды.

"Өзіміз де таңғалдық. Сиыр осылай журналға шығады деп кім ойлаған енді?!", - дейді Қарқаралы қаласының тұрғыны Мәулен Мұсабеков.

Арна ақпаратынша, 6 жасар Зояны әп-сәтте жұлдыз қылған – Карина Кирина. Ол - кәсіби фотограф. Ерте көктемде көше бойлап келе жатып, қыстан көтерем шыққан көршісінің сиырын көріп, суретке түсіріп алған. Кейін оны әйгілі Vogue сән журналына жолдаған. Қызық болғанда, олар қыс тақырыбымен басылымның басты бетіне жариялаған.

сән журналына шыққан сиыр
Фотограф Карина Киринаның Vogue сән журналына жолдаған фотосы. Видеодан кадр: "Хабар 24"

"Сән журналы аптасына тек бір рет, дүйсенбі күндері екі фотодан қабылдайды. Мен бірінші рет жібердім және бірден басып шығарды. Бұл - мен үшін үлкен жетістік. Енді олар жариялаған суреттердің арасынан үздіктерін іріктеп, Еуропа қалаларында көрме ұйымдастырады екен. Бәлкім, сол тізімге де ілігіп қалар", - дейді фотограф Карина Кирина.

Каринаның бұл кәсіппен айналысқанына 20 жылға жуықтаған. Ол негізінен табиғатты, жан-жануарларды түсіргенді ұнататынын айтады. Сонымен қатар ол суретінің тағы біразын журналға жолдаған, алайда әзірге жауап болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019825-qaragandynyn-zoya-atty-siyry-aigili-alemdik-san-zurnalyna-syqty/

pixel