Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық қос жауынгер АҚШ-тағы байқауда үздік болды

Опубликовано:

Ермек Зайлағи
Ермек Зайлағиды Ақтаудағы теңіз жаяу әскері бригадасы қошеметпен қарсы алды. Видеодан кадр: 24.kz

Қазақстандық қос жауынгер Нәзира Әлбосынова мен Ермек Зайлағи Америкада өткен байқауда үздіктер сапынан көрінді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарна мәліметінше, мұхиттың арғы жағындағы әріптестерін кәсіби шеберлігімен мойындатқан Нәзира Әлбосынова. Ол әскери-әуе күштерінде қызмет етеді. Ал, Ермек Зайлағи - Ақтаудағы теңіз жаяу әскері бригадасының сержанты. Елге абыроймен оралған сарбазды ұжымдастары зор қошеметпен қарсы алды. Е

Ермек Зайлағи Азизона штатындағы ұлттық гвардия базасында 20 шақырымдық жорықта жүгірген сәтін смартфонға түсіріп алған. Қазақстандық жауынгер мәре сызығын сегізінші болып кесті. Марафонға бірнеше елден 60-қа жуық әскери қызметші қатысқан.

№25744 теңіз жаяу әскері бригадасының жеке құрамы сарбаздар мен офицерлер қазақ елінің намысын қорғаған қарулас жолдасын қошаметпен қарсы алған. 28 жастағы жауынгер - Шоқан Уәлиханов атындағы кадет корпусының түлегі, гГвардия 3-сыныпты сержанты. Қазақстан қарулы күштерінің үздік сержантын анықтайтын сайыста бірнеше рет топ жарған. Жуырда болған бүкілармиялық байқауда абсалюттік чемпион атанды.

"Сол қорытындымен Америка Құрама штаттарында елдің абыройын қорғау бұйырды. Ондай айтарлықтай қиын болған жоқ. Күндегі сол жүгіріс, жауынгерлік дайындық. Әскери киіммен және артта вещмешок деп айтамыз, яғни 15 келілік сөмке болды. 35 фунттан кем болмауы керек болды. Сондай жүкпен 20 шақырым жер жүгіру керек болды", - дейді гвардия 3-сыныпты сержанты Ермек Зайлағи.

Бригада құрамындағы зениттік дивизион сержанты жауынгерлік және дене даярлығы жөніндегі нұсқаушы қызметін атқарады. Бес жасынан бастап жеңіл атлетикамен шұғылданған. Әскери көпсайыстан спорт шебері әріптестеріне үлгі.

"Ол бұл жолы ғана үлкен жетістікке жетіп отырған жоқ. Оны 2022 жылы Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің "Әскери тарланы" атағына ие болған әскери қызметші ретінде жақсы білемін. Отбасында жақсы отағасы. Футболдан, қоян-қолтық ұрыста өзінің жеткен жетістіктері бар", - зениттік дивизион командирінің орынбасары Рүстембек Дәрменбаев.

Ермек Азаматұлы - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының тумасы. Армиялық жарыстарға 2015 жылдан бері үзбей қатысып, сан рет жеңімпаз танылған сарбаз. Қоян-қолтық ұрыстан спорт шеберіне үміткерге Отан қорғаушылар күні кезекті әскери шен және "Ел қорғаны" медалі берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019828-qazaqstandyq-qos-zauynger-aqs-tagy-baiqauda-uzdik-boldy/

pixel