jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алдағы күндері елімізде қайта күн суытады деп күтілуде

Көктемгі жаңбыр
Жаңбыр. Көрнекі фото: Рexels.com

"Қазгидромет" ресми сайтында алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, 11-13 мамыр аралығында елімізде ауа температурасы қайта төмендейді.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде оңтүстіктегі циклон жырасының әсерінен жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.

11-12 мамыр аралығында батыста, 12-13 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте, 13 мамырда еліміздің орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Бұдан бөлек, алдағы күндері ел бойынша ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Мәселен, солтүстік және шығыс аймақтарда түнде 2 градусқа дейін үсік жүріп, Қазақстанның солтүстік-батыс пен солтүстігінде ауа температурасы +5...+15 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

Алдағы күндері елімізде қайта күн суытады деп күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.