jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Найзағай, 33 градусқа дейін ыстық": бүгін еліміздің мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Егіс алқабы
Қалың бұлт. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер елімізде 11 мамыр ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Астанада найзағай ойнауы мүмкін. Елордада күндіз ауа температурасы +24...+26 градусқа дейін көтерілсе, түнде +7...+9 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с деңгейінде болады.

Бейсенбі күні Алматыда күн ашық болады, көшпелі бұлт шығады. Күндіз термометр бағаны +29...+31 градусты көрсетсе, түнде +15...+17 градус жылы болмақ. Оңтүстік астанада желдің жылдамдығы 0-5 м/с жетеді.

11 мамыр Шымкентте күн ашық болады, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +31...+33 градусқа дейін ыстық болса, түнде ауа температурасы +18...+20 градусжылыны көрсетеді. Синоптиктердің болжауынша, желдің жылдамдығы 5-10 м/с шамасында болады.

"Найзағай, 33 градусқа дейін ыстық": бүгін еліміздің мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.