jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Медеудегі өрт кезінде қаза тапқан Арслан Құрманбековтің отбасына 13 млн теңге өтемақы беріледі

Құрманбеков Арслан
Арслан Құрманбеков. Фото: instagram.com/almaty_tjd

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті қаза тапқан қызметкер Арслан Құрманбековтің мұрагерлеріне оның 60 айлық қаражаты (5 жылғы) - шамамен 13 млн теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, өрт кезінде қаза тапқан Құрманбеков Арсланның мұрагерлеріне берілетін біржолғы өтемақы "Құқық қорғау қызметі туралы" заңға сәйкес төленеді.

Сонымен қатар ТЖД жерлеуге жұмсалған шығыстарға 600 мың теңге көлемінде өтемақы төленетінін атап өтті.

Жерлеу бойынша барлық шығынды Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған.

"Төтенше жағдай министрлігі Президент әкімшілігіне мемлекеттік наградаға қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Арслан Құрманбековті марапаттау туралы ұсыныс енгізді.

Сонымен қатар Алматы қаласы әкімдігінің атына әлеуметтік көмек тәртібінде А. Ж. Құрманбековтің анасына тұрғын үй бөлу мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш жолданды", - деді Алматы қаласының ТЖД өкілдері.

Бұдан бөлек өзге де қосымша көмек көрсету мәселелері пысықталып жатқаны хабарланды.

Айта кетейік, қызметтік борышын атқару кезінде, тау баурайында өртті сөндіру барысында 1994 жылы туған Алматы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері, 7-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Арслан Құрманбеков қайтыс болған еді.

Медеудегі өрт кезінде қаза тапқан Арслан Құрманбековтің отбасына 13 млн теңге өтемақы беріледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.