Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шарын ұлттық паркінде соңғы екі жылда алғаш рет сілеусін фототұзаққа түсті

Опубликовано:

Сілеусін
Сілеусін. Фото: "Астана" арнасы

Шарын ұлттық паркіндегі Бұғыты тау учаскесіне орнатылған фототұзаққа сілеусін түсіп қалды, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Экология министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарлауынша, сілеусін соңғы екі жылда алғаш рет фототұзаққа іліккен.

"Бұл жыртқыш негізінен түнде белсенді, оңай әрі ешбір дыбыс шығармай қозғалады. Ал терісінің ала болып келуі сілеусінді ағаштардың арасына оңай жасырынуға көмектеседі. Себебі күн сәулесінен түскен жарықтан ол байқалмай қалады", - дейді сарапшылар.

Арна мәліметінше, шабуылдау барысында 4 метрге дейін секіретін сирек кездесетін аңның ересек түрі бір күнде 30 шақырымға дейінге арақашықты еңсере алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020180-saryn-ulttyq-parkinde-songy-eki-zylda-algas-ret-sileusin-fototuzaqqa-tusti/

pixel