jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Алдағы демалыс күндері ел аумағында қатты жаңбыр жауып, шаңды дауыл тұруы мүмкін

жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК ресми сайтында алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша,13-15 мамыр аралығында елімізде күн құбылмалы болады.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен демалыс күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

13 мамырда солтүстік, 14 мамырда оңтүстік аймақтарда, 14-15 мамырда оңтүстік-батыста қатты жаңбыр, 15 мамырда шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) күтілуде.

Сондай-ақ 14-15 мамырда еліміздің солтүстік жартысында түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Бұдан бөлек, демалыс күндері республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Алдағы демалыс күндері ел аумағында қатты жаңбыр жауып, шаңды дауыл тұруы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.