Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жарқын ауылында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Опубликовано:

Жол
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай облысы Семей қаласының әкімдігіне қарасты Жарқын ауылының тұрғындары үшін жол жөндеу ең өзекті мәселелердің бірі болып келген. Қазіргі таңда Жарқын ауылында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы Жарқын ауылына 8,3 км кірме жолға орташа жөндеу жүргізу жоспарланған.

Жол жөндеу жұмыстарының жалпы ауданы 49 900 м² құрайды, асфальттың қалыңдығы 6 см, сондай-ақ жол белгілерін орнату көзделген. Бұл жоба ведомстволық сараптамадан өткен.

Жол
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Жарқын ауылындағы жол жөндеу жұмыстарының барысын тексеру үшін мердігер ұйымның өкілдерімен кездесуге барды.

Семей қаласы әкімі
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Мен әкім болып тағайындалған күннен бастап жарқындықтар жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрап келеді. Күз мезгілінде жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін болмағандықтан, жұмыстарды көктем мезгіліне қалдырдық. Осы айдың соңына дейін жөндеу жұмыстарын аяқтаймыз деген ойдамын», - дейді Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Семей қаласы әкімі
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мердігер ұйым «Семей Жолдары» ЖШС. Жұмыстар бекітілген кестеге сай жүргізілуде.

«Жарқын ауылының тұрғындарының көпшілігі қалада жұмыс істейді. Жол азабын қаншама жылдан бері көріп келе жатырмыз. Міне, асфальт төсемдерін жүргізу басталды. Облыс әкімі мен қала әкіміне Жарқын ауылының тұрғындары атынан ризашылығымды білдіреміз», - дейді ауыл тұрғындары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020250-zarqyn-auylynda-zol-zondeu-zumystary-zurgizilude/

pixel