jitsu gif branding logo appbranding logo app

"14 бас": Ақмолада жоғалып кеткен 5 млн теңгенің бір үйір жылқысы табылды

Табын жылқы
Табын жылқы. Фото: pexels.com

Ақмола полицейлері құны 5 миллион теңге болатын бір үйір жылқыны иесіне тауып берді. Бұланды ауданының полиция бөліміне 14 бас жылқы жоғалғаны туралы Макинск қаласының тұрғыны ақпарат берген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Табын иесінің айтуынша, жылқылар елді мекенге жақын жерде жайылымда болған.

Ведомства мәліметінше, үйірдің болған жерін анықтау үшін полицейлер бірнеше сағат бойы орман алқаптарын тексеріп, ауланы аралап шықты. Іздеу іс-шараларына еріктілер мен орман қызметкерлері қатысты. Полицейлер жылқыларды көрші аудан Біржан сал аумағынан бір тәулік ішінде тапты.

Қазіргі уақытта барлық 14 бас жылқы заңды иесіне қайтарылған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.