Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дауыл, найзағай және аяз: Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Найзағай
Көрнекі фото: Pexels.com

Cиноптиктер желдің күшеюіне, найзағай ойнап, аяз болуына байланысты еліміздің 12 облысында дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

  • Синоптиктердің болжамынша, ертең, 15 мамырда Алматы облысында күн күркіреп, найзағай кезінде жел екпіні 25 м/с дейін жетеді.
  • Алматыда тағы да найзағай күтіледі.
  • Ақмола облысында 3 градусқа дейін аяз күтілуде.
  • Астанада да 2 градусқа дейін аяз күтіледі.
  • Батыс Қазақстан облысында синоптиктер найзағай ойнайтынын ескертті.
  • Ал Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысының тұрғындары тұман, екпіні 15-20 м/с жел соғады деп болжайды. Сондай-ақ түнде 2 градусқа дейін аяз болады. Бұл ретте Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
  • Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында ертең 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде 1 градусқа дейін аяз болады.
  • Түркістан облысында күн күркіреп, шаңды дауыл соғады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
  • Шымкент тұрғындары да 15-20 м/с болатын екпінді желге дайындалуы керек.
  • Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, сонымен қатар төтенше өрт қаупі бар.
  • Маңғыстау облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
  • Синоптиктер болжауынша, Жетісу облысында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Алакөл маңында желдің жылдамдығы 23-28 м/с дейін жетеді.
  • Павлодар облысында тұман түсіп, 3 градусқа дейін аяз болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020492-dauyl-naizagai-zane-ayaz-qazaqstannyn-birqatar-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel