jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Дүйсенбіде Қазақстанның ірі қалаларында найзағай ойнап, 33 градусқа дейін ыстық күтіледі

Жаңбырлы күні қолшатыр ұстаған ер адам
Жаздағы жауын-шашын. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер бүгін Алматыда найзағай ойнаса, Астана мен Шымкентте күн ашық болады деп болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды.

Метеорологтардың мәліметінше, дүйсенбі Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +26...+28 градусқа дейін көтерілсе, түнде +17...+19 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады, бірақ найзағай кезіндегі жел екпіні 13 м/с жетеді деп күтілуде.

Астанада бүгін көшпелі бұлт шығады, бірақ жауын-шашын болмайды. Елордада күндіз ауа температурасы +17...+19 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы +3...+5 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы - 2-7 м/с.

15 мамыр Шымкентте ыстық және шуақты ауа райы күтіледі. Қалада күндіз +31...+33 градус ыстық болса, түнде аптап ыстықтың беті қайтып +18...+20 градусқа төмендейді. Оған қоса, сипоптиктер Шымкентте жаңбыр жаууы мүмкін деп болжады. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с, ал екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Дүйсенбіде Қазақстанның ірі қалаларында найзағай ойнап, 33 градусқа дейін ыстық күтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.