Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нұрбанк" Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына медициналық жабдықтар табыс етті

Опубликовано:

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына
Фото: «Нұрбанк» АҚ

Бірнеше жылдан бері қайырымдылық қызмет «Нұрбанк» АҚ-тың корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлшегі болып келеді. Банк онкологиялық ауруларға ұшыраған балаларға қол ұшын беру мақсатында жыл сайын салауатты өмір салтын ұстанып, жүгіруді ұнататын жандарды біріктіруге бағытталған Charity Music Run музыкалық іс-шарасын өткізіп келеді. Бұл қайырымдылық іс-шарадан түскен қаржыны Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына арнап, медициналық жабдық сатып алуға жұмсау үрдіске айналды.

«Нұрбанк» АҚ
Фото: «Нұрбанк» АҚ

2022 жылдың 23-қазанында Алматыда Charity Music Run іс-шарасын өткізіп, оған жас шамасына қарамастан жүгіруді ұнататын 1 500 адам қатысып, оны қалалықтар үшін нағыз спорттық мерекеге айналдырды. Қатысушылардың тіркелу жарналары медициналық көп функционалды кереуеттер сатып алуға мүмкіндік берді, ол кереуеттерді науқас баланың денесінің ыңғайына қарай төсеу, баланы оңалтуға және емдеуге барынша жайлы жағдай жасатады.

Гульнара Мусатаева
Фото: «Нұрбанк» АҚ

«Біздің Банк ұйымдастырған Charity Music Run қайырымдылық музыкалық жүгірістің және Банктің сіңірген еңбегінің арқасында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жан сақтау бөліміне арнап, алты қымбат көп функционалды кереуеттер сатып ала алдық. Олар кішкентай емделушіге, күрделі отадан кейін тез арада өз-өзіне келуге, өзін жайлы сезінуге жағдай жасайтын таптырмас ем-домның бірі екені сөзсіз. Біз ұйымдастыратын жүгірістің миссиясы – салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар қол ұшын беру. Жүгіріске қатысқандар өзін сынап қана қоймай, қайырымдылық шарасына зор үлес қосуда. Біздің бастаманы қолдап, іс-шараға қатысқандарға шексіз алғыс айтқым келеді», - дейді «Нұрбанк» АҚ басқармасының төрайымы Гульнара Мусатаева.

«Нұрбанк» АҚ
Фото: «Нұрбанк» АҚ

Медицина ғылымының кандидаты, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы хирургия блогінің басшысы Константин Эдуардович Хаиров іс-шара жөнінде былай баяндайды:

Константин Эдуардович Хаиров
Фото: «Нұрбанк» АҚ

«Бүгін біздің қолымызға Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жан сақтау блогіне арналған көп функционалды заманауи кереуеттер тиді. Біздің Орталық бірегей емдеу мекемесі болып табылады, мұнда біздің жоғары кәсіби дәрігерлер күн сайын жүздеген кішкентай емделушінің жанын аман алып қалуда. Онкология және гематология бөлімшесінде жыл сайын 2500 бала ем алуда. CHARITY MUSIC RUN жүгірісін ұйымдастырушы — «Нұрбанк» АҚ пен біздің арамызда жақсы дәстүр қалыптасты. Жүгіруге қатысқандар мен демеушілердің арқасында біз 2018 жылы онкологиялық бөлімшеде ем алып жатқан балалардың ата-аналарына арналған жуыну және душ бөлмелерін жөндеуден өткізіп алдық. 2019 жылы жиналған ақшаға жілік майын ауыстырып орналастыру кезінде дің жасушаларын сақтауға қажетті дьюарлар сатып алдық. Бізге, бізде ем алушыларға арнап, кереует сатып алып берген «Нұрбанк» пен жүгіруге қатысқандардың барлығына алғысымыз шексіз».

«Нұрбанк» АҚ салауатты өмір салтын ұстануды қолдайды, жүгіруді ұнататындар мен әлеуметтік белсенді жандарды Charity Music Run-ға қатысуға шақырады. Іс-шараға тіркелу жақын арада басталады. Жүгіріс туралы толығырақ ақпаратты мына сайттан білуге болады: https://nurbankmusicrun.kz/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020570-nurbank-pediatriya-zane-balalar-xirurgiyasy-gylymi-ortalygyna-medicinalyq-zabdyqtar-tabys-etti/

pixel