Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Байлар ауласына қояды": Маңғыстауда шарлар алқабынан тас тиеп алып жатқан жүк көлігі видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Маңғыстау облысындағы шарлар алқабы
Торыш шатқалындағы шарлар алқабы. Видеодан кадр: instagram.com/stories/travelove100

Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысында орналасқан туристерге танымал "Шарлар алқабынан" әлдекімдердің тастарды жүк көлігіне тиеп жатқаны туралы видео тарады. Бұл жағдайға қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видеоны саяхат тақырыбында блог жүргізетін ерлі-зайыпты Мұрзабаевтар Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

"Мен қазір Маңғыстау облысында жүрмін. Бұл - шарлар алқабы. Бұл - облыстағы ең басты көрікті жерлердің бірі. Әлдекімдер тастарды осылай тиеп әкетуде. Қазақстандағы басты туристік жерлердің бірін құртып жатыр. Ең әдемісін, ең жұмыр тастарды алған. Жақында бұл орын ешқандай маңызға ие болмай қалады. Бәсе, келгенде тастардың азайып қалғанын байқадым. Бұл мәселені әкім не болмаса жерге жаны ашитын жергілікті халық шешеді деп ойлаймын. Жергілікті тұрғындардан сұрадым, олардың айтуынша, бұл тастарды байлар ауласына әсемдік үшін қояды екен", - дейді Instagram-дағы Stories бөлімінде блогер Әсет Мұрзабаев.

Осы орайда Торыш шатқалындағы шарлар алқабында түсірілген бейнежазбаға қатысты полиция пікір білдірді.

"Әлеуметтік желіні мониторинг жасау барысында полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтады. Құқық бұзушылармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Тастар қайтадан орнына қайтарылатын болады", - делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020574-bailar-aulasyna-qoyady-eken-mangystauda-sarlar-alqabynan-tas-tiep-alyp-zatqan-zuk-koligi-videoga-tusip-qaldy/