jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстандықтар енді онлайн түрде некелесе алады

Жас жұбайлар
Жас жұбайлар. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандықтар енді некесін онлайн түрде тіркей алады. Бұл туралы Алматы қаласы Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сара Мурзиева хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сара Мурзиева өңірлік қоммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап неке Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде (АХАТ) емес, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тіркелетінін айтты.

Некені салтанатты тіркеу рәсімі өте ме деген сұраққа, Мурзиева жас жұбайлар енді тіпті онлайн түрде де некелесе алатынын айтты.

"Некені тіркеуге өтініш берген кезде, жас жұбайлардың қалауы бойынша некені тіркеу онлайн түрде, сондай-ақ жас жұбайлардың қатысуымен де жүргізіледі.

Егер жас жұбайлар некені тіркеу салтанатты рәсімі өткенін қаласа, онда рәсім мемлекеттік корпорациядағы арнайы залда тіркеуші орган қызметкерінің қатысуымен өтеді", - дейді Сара Мурзиева.

Еске сала кетейік, бұған дейін Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметі биыл 1 шілдеден бастап "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына берілетіні хабарланған болатын.

Сонымен қатар АХАТ бөлімдерінің қызметкерлері осы саланың функциясын "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының құзырына беруге наразылық білдіріп, жанайқайын жеткізген еді.

Қазақстандықтар енді онлайн түрде некелесе алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.