Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде "Отбасы ағашын" отырғызу акциясы өтті

Опубликовано:

Ақтөбеде «Отбасы ағашын» отырғызу акциясы өтті
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

15 мамыр еліміз Халықаралық отбасы күнін атап өтеді. Мереке қарсаңында Есет батыр тұрғын алабындағы аллеяда қала әкімі Мұрат Жөребековтің қатысуымен "Отбасы ағашын отырғызу" акциясы өтті.

"Еліміз 15 мамырда Халықаралық Отбасы күнін атап өтеді. Бұл біздің қоғамымызда әке мен ананың орнын айшықтайтын мағынасы терең мереке. Отан - отбасынан басталады деген жақсы ұғым бар. Біз отбасы құндылықтарын насихаттауға көбірек көңіл бөлуіміз керек. Оның бір мысалы ретінде бүгін жасыл желек отырғызу акциясын ұйымдастырдық. Бұл әрі қала тазалығына, қаламызды жасыл желектендіруге бағытталған жұмыстардың бірі. Біздің қызметкерлер, Есет батыр алабының тұрғындары бүгін балаларымен бірге келді. Барлық ақтөбеліктерді отбасы күнімен құттықтаймын! Әр шаңыраққа шаттық, береке-бірлік тілеймін", - деді Мұрат Жөребеков.

Ақтөбеде «Отбасы ағашын» отырғызу акциясы өтті
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Отбасы ағашын отырғызу акциясына Алматы ауданының ақсақалдары, Есет батыр алабының тұрғындары және мемлекеттік қызметкерлер бала-шағасымен келіп, үлес қосты. 60 түп жеміс ағаштары отырғызылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020618-aqtobede-otbasy-agasyn-otyrgyzu-akciyasy-otti/

pixel