Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында із-түзсіз кеткен зейнеткерді 100-ге жуық адам іздестіріп жатыр

Опубликовано:

Орынбүбі Мұханова
Орынбүбі Мұханова. Фото: polisia.kz

Жетісу облысында хабар-ошарсыз кеткен зейнеткер екінші күн іздестірілуде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпаратттық медиа порталдың жазуынша, 72 жастағы Орынбүбі Мұханова Панфилов ауданы, Лесновка ауылында ересек ұлымен бірге тұрады.

13 мамыр күні ол үйінен белгісіз бағытқа қарай шығып кетіп, қайта оралмаған. Зейнеткердің туыстары аудандық полицияға арыз жазғаннан кейін жаппай іздестіру жұмыстары басталған.

Оған 100-ге жуық адам тартылған. Олардың арасында шекара қызметінің әскери қызметшілері, полиция қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындар бар.

"Іргелес таулы жерлер, иесіз қалған ғимараттар мен жақын орналасқан елдімекендер қарап шықтық. Іздеу аймағы біртіндеп кеңейіп келеді. Сондай-ақ зейнеткерге қатысты ақпарат өңірдің барлық полиция бөлімшелеріне жолданды", – дейді Панфилов аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ерлан Ерсайынов.

Үйден шыққан кезде Орынбүбі Мұханованың үстінде қара түсті күртеше, қоңыр көйлек, аяғында жеңіл аяқ киім болған. Бойы 155-160 см, дене бітімі арықша келген.

Осы орайда Панфилов аудандық полициясы егер зейнеткер жайлы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет болған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 8 72 831 512 02, 8 778 744 00 30 немесе "102".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020644-zetisu-oblysynda-iz-tuzsiz-ketken-zeinetkerdi-100-ge-zuyq-adam-izdestirip-zatyr/

pixel