jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Ақтөбеде тегін донер таратылып, адамдар кептеліп қалды (видео)

Ақтөбедегі адам кептелісі
Ақтөбедегі адам кептелісі. Скриншот: Instagram.com/@aktobe365

Ақтөбеде тегін донер таратылып, салдарынан адамдар кептеліп қалғаны туралы желіде видео тарады. Желі қолданушылары бұл әрекетті сынға алды. Облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты шара қолданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ақтөбеде жаппай адам кептелісі ұйымдастырылған, ол жерде жергілікті донер ашылып, тегін донер таратылған. Мекеменің кіреберісінде кәмелетке толмаған ондаған жасөспірім жиналған. Кадрда балалардың кезекте тұрғанда бір-бірін қалай жаншып жатқанын көруге болады", - делінген видеоның жазбасында.

Әлеуметтік желі пайдаланушылары тегін донерге келген адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлқын сынға алды.

"Мұндай шараларды ұйымдастыруға болмайды, тегін бергіңіз келсе, өзіңіз көшеде жүріп таратқаныңыз дұрыс", "Аш па? Ұят!", "Бірін бірі жаншуға дайын", "Мұндай акцияларды жариялағандарды жазалау керек деп ойлаймын, бұл бірінші жағдай емес, жақсылық жасағысы келсе, үндемей істеу керек", - деп жазады желідегілер.

Ақтөбе облысының полиция департаменті акция ұйымдастырушылары ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

Ақтөбеде тегін донер таратылып, адамдар кептеліп қалды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.