jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Жетісу облысында жоғалып кеткен зейнеткер ескі әскери полигонның маңынан табылды (фото)

Орынбүбі Мұханова
Орынбүбі Мұханова. Фото: polisia.kz

Жетісу облысында жоғалған 72 жастағы әйел үш күннен кейін өңірдегі ескі әскери полигонның маңынан табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жетісу облысының Панфилов ауданында жоғалып кеткен 72 жастағы Орынбүбі Мұханова табылды. Ол 13 мамырда үйінен шығып кеткен болатын. Зейнеткерді іздеу шаралары үш күннен астам уақытқа созылды. Әлсіреген әйел өзінің туған Лесновка ауылынан 15-20 километр жерде ескі әскери полигонның жанынан табылған.

Іздестіру шарасы
Іздестіру шарасы. Фото: Жетісу облысының полиция департаменті

Еске сала кетейік, бұған дейін Жетісу облысында хабар-ошарсыз кеткен зейнеткерді іздеуге 100-ге жуық адам тартылғаны туралы жазған болатынбыз.

Іздестіру шарасы
Іздестіру шарасы. Фото: Жетісу облысының полиция департаменті

Полицейлер қарт әйелді іздеу шараларына туыстарынан бөлек еріктілер мен шекарашыларды және жергілікті халықты (барлығы 100-ге жуық адам) тартқан еді. Іздестіру тобының бірі қалың тоғай арасынан әжейдің орамалын тауып, зейнеткердің бағытын анықтай алды.

Іздестіру шарасы
Іздестіру шарасы. Фото: Жетісу облысының полиция департаменті

Жалғыз өзі жүрген әйелді жергілікті шопандар байқап, оның ізіне түсіп келе жатқан іздеушілерге хабарлаған. Зейнеткер тамақ, сусыз өте әлсіреп қалған. Оған медициналық көмек көрсетілгеннен кейін туыстары әжейді үйіне алып кетті.

Жетісу облысында жоғалып кеткен зейнеткер ескі әскери полигонның маңынан табылды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.