Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үсік, бұршақ, қатты жаңбыр: 17 мамыр елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Гүлдегі жаңбыр тамшылары
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер бүгін, 17 мамырда елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгиромет" РМК ресми сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, сәрсенбіде Қазақстанның көп бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жаууы ықтимал, ал оңтүстік және солтүстік-батыста, оңтүстікте қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

Синоптиктер нақтырақ Ақтөбе облысының оңтүстігінде, таңертең және күндіз Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында, күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауады деп болжап отыр.

Одан бөлек, еліміздің оңтүстік және солтүстік-батысында, оңтүстігі мен орталығында бұршақ жаууы ықтимал.

Бүгін тек республикамыздың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде.

Сондай-ақ бүгін республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте тұман, солтүстік-батыста шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде және орталығында, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік-батысында өрт қауіпі сақталады.

Ал түнде Ақмола облысының солтүстік-шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік, сонымен қатар Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында 2 градус үсік жүруі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020866-zanbyr-zel-usik-17-mamyr-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel