Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы үш күнде елімізде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін

Опубликовано:

Жаңбырдан кейінгі ашық аспандағы кемпірқосақ
Кемпірқосақ. Көрнекі сурет: pixabay.com

Синоптиктер алдағы үш күн, 18-20 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанның басым бөлігінде оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.

18-20 мамырда солтүстік-батыста, орталықта, 18-19 мамырда оңтүстікте, 18-20 мамыр аралығында еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деген болжам бар.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, ауа температурасы жоғарылауы ықтимал. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде жер топырағында 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020984-aldagy-us-kunde-elimizde-zanbyr-zauyp-naizagai-oinauy-mumkin/

pixel