Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен бұл процеске көмектесемін": Алматы әкімі барыстың суретіне қатысты жағдайға пікір білдірді

Опубликовано:

Алматыдағы қабырға суреттері
Алматыдағы қабырға суреттері. Көрнекі сурет: Instagram / @yer_yess

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданында тұрғындармен кездесу барысында ғимараттардағы муралға қатысты жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкімнің айтуынша, мәселе қабырға суреттерінің ресми мәртебеге ие болмауында.

"Алматы қаласы кодының жобасы аяқталып, бұдан былай қала ішіндегі қабырға суреттері бөлінетін болады. Жарнамаларды орналастыруға қатысты мәселелер қала құрылысы және урбанистика басқармасымен келісілгенін қадағалайтын боламыз.

Coca Cola жарнамасымен болған оқиғаға келсек, меншік иелерінің бірлестігі аясында олар келісімге қол қойып, қосымша 1,5-2 миллион теңге шамасында ақы алып, үйдің бүйір қабырғасына орналастырған болатын. Олар: "Бұл біздікі", - деді, онысы дұрыс. Өйткені бүгінде қабырға суреттерін реттейтін нормативтік база жоқ.

Бірақ қаламызда түрлі муралдар бар: қорғауды қажет ететін өнер туындылары да, түрлі себептермен жасалған және қаланың көркіне жатпайтын қабырға суреттері де бар", - деді әкім.

Досаевтың сөзінше, қаладағы муралдардың тізімі жасалатын болады.

"Мен муралдарды заңдастырғым келеді, керісінше, кеңейту керек, ақ қабырғалар өмірге толы болуы үшін суретшілерге тапсырыс береміз және мен бұл процеске көмектесемін", - деді әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021074-bul-proceske-komektesemin-almaty-akimi-barystyn-suretine-qatysty-zagdaiga-pikir-bildirdi/

pixel