jitsu gif

"Ғажап көрініс": қазақтың ұлттық киімімен автобуста отырған әжейге жұрт қызықты (видео)

автобуста отырған әжей
Видеодан кадр: Instagram/shyndykz

Әлеуметтік желіде автобуста қазақтың ұлттық киімімен отырған әжейдің видеосы тарап, көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі shyndykz тобында жарияланды.

Кадрдан қоғамдық көліктің алдыңғы қатарында қазақтың ұлттық киімімен отырған әжейді байқауға болады.

"Ғажап көрініс. Жүз жасасын", "Нағыз әже", "Әжемізге Алла ұзақ ғұмыр берсін", "Әжелеріміз тек мейрамда емес, барлық күні осылай жүрсе ғой", "Әжеміздің ұлттық киімі патриоттық сезім сыйлады", "Әжемізге зор денсаулық тілеймін", "Алла тіл көзден сақтасын", "Димаш Құдайбергеннің әжесіне ұқсайды екен", "Қарты бар үйдің қазынасы бар, деген рас қой. Әжемді сағындым", "Мерекелік шараның ашылу салтанатына шашу шашуға бара жатқан секілді", "Әжемізге киімі жарасып тұр", - деді олар.

"Ғажап көрініс": қазақтың ұлттық киімімен автобуста отырған әжейге жұрт қызықты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.