jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

"Жылаттың ғой": Кореяда тұратын қазақ қызы бес жыл көрмеген ата-анасына ерекше тосынсый жасады (видео)

Әселдің ата-анасымен қауышқан сәті
Әселдің ата-анасымен қауышқан сәті. Скриншот: youtube/@ya_qazashqa

Оңтүстік Кореяда тұратын Әсел есімді шымкенттік келіншек араға бес жыл салып, Қазақстанға келді. Ол бес жыл бойы көрмеген ата-анасына ерекше тосынсый жасаған, деп жазады YouTube-тегі влогқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әсел Оңтүстік Кореяда тұрады. Ол кәріс жігітіне тұрмысқа шығып, бір қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.

Жақында Әсел араға бес жыл салып, өзінің туған жеріне келді. Келіншек әке-шешесін қуанту мақсатымен, оларға тосынсый жасайды. Мұндай тосынсыйды жасауға үйіндегі жеңгесі көмектескен.

Әсел жеңгесімен бірге үйіне аниматор киімімен келеді. Ол аюдың киімін жалға алып, арнайы магнитофон сатып алады.

Осылайша, жеңгесі әке-шешесін немерелерімен бірге далаға алып шығып, аниматормен бірге ерекше көңіл көтереді.

Түрлі әндерге билеген Әселдің ата-анасы аюдың киіміндегі өз қыздары екенін әсте білмеген. Тек әке мен ана туралы әннің соңғы жағында Әсел аюдың бас киімін шешкен соң, қызын көрген анасы тоқтамастан жылай жөнеледі. Ал көзі нашар көретін әкесі алғашында қызын танымай қалған.

Бес жылдан бері ата-анасымен алғаш қауышқан келіншектің хикаясы көпшіліктің жүрегін елжіретті.

"Еріксіз көзімнен жас шықты. Қуаныштың көз жасы", "Жылаттың ғой, жарайсың! Қазақстанға аман-есен келуіңмен!", "Көріп жылап алдым", "Қуаныштан жылап алдым", - деп желі қолданушылары пікір қалдырған.

"Жылаттың ғой": Кореяда тұратын қазақ қызы бес жыл көрмеген ата-анасына ерекше тосынсый жасады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.