Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Найзағай, қатты жаңбыр, жел: 19 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Бұлтты күннің арасынан түскен күн сәулесі
Бұлтты күн. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер жұма, 19 мамырда республика бойынша және еліміздің ірі қалалары – Астана, Алматы Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін еліміздің көп бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр, бұршақ жауады деп күтілуде.

Жұмада тек республиканың шығысы мен қиыр солтүстігінде күн жауын-шашынсыз болмақ.

Сондай-ақ бүгін республика бойынша жел күшеюі ықтимал. Бұдан бөлек, Қызылорда облысында өрт қаупі, Павлодар облысының шығысында, орталығында, Ұлытау облысының шығысында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін оңтүстік астана – Алматыда да күн күркіреп, найзағай ойнауы мүмкін. Десе де, қалада күндіз +20...+22 градусқа дейін жылы болады. Түнде ауа температурасы +13...+15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с.

Шымкентте де жұмада күн күркіреп, найзағай ойнауы ықтимал. Жауын-шашынға қарамастан, мегаполисте күндіз +25...+27 градус, түнде +13...+15 градус аралығында жылы болады. Желдің екпіні 8-13 м/с деңгейінде болады, дегенмен 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Найзағайға байланысты бүгін Алматы мен Шымкентте дауылдық ескерту жарияланып отыр.

Бүгін Астанада да дауылдық ескерту жарияланған, бірақ жауын-шашынға емес, қатты желге байланысты. Елордада күндіз желдің жылдамдығы 9-14 м/с деңгейінде болады, бірақ 15-20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал. Бұл ретте күндіз +15...+17 жылы болса, түнде ауа температурасы +6...+8 градусқа дейін төмендейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021209-naizagai-qatty-zanbyr-zel-19-mamyrda-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel