Жаңбыр, бұршақ, қатты жел: алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Синоптиктер алдағы үш күн, 20-22 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш күн елімізде ауа райы құбылмалы болады. Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, ал оңтүстік өңірлерде бұршақ жаууы ықтимал.
Синоптиктер 20 мамыр еліміздің батысы мен солтүстік-батысында, орталық пен оңтүстігінде, 20-22 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болады деп болжады. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі ықтимал, ал еліміздің оңтүстігінде дауыл болады.
Бұдан бөлек, Қазақстан бойынша температуралық фонның жоғарылауы күтіледі, дейді синоптиктер.
Түнгі уақыттарда солтүстік-батыс және солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік болжанады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021328-zanbyr-bursaq-qatty-zel-aldagy-demalys-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.