jitsu gif

Жаңбыр, найзағай, бұршақ, жел, дауыл: бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады

Жел тұрған бұлтты күн
Жел тұрған бұлтты күн. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, жел, дауыл күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" ресми сайтында хабарлады.

Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, оңтүстік өңірлерде бұршақ күтіледі.

Бүгін, 20 мамырда батыста, солтүстік-батыста, орталықта және оңтүстікте, 20-22 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болады деген болжам бар.

Сондай-ақ ел бойынша бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал Қазақстанның оңтүстігінде дауыл болады деп болжанады.

Дегенмен, Қазақстанда ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Түнде солтүстік-батыс және солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік болады.

Жаңбыр, найзағай, бұршақ, жел, дауыл: бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.